«Достар үшін депозитсіз бонус» акциясының ережелері (1-6 тармақтар) «StartUp бонус» акциясына қатысушы клиенттерге ғана таралады.
«Серіктестер үшін бонустық комиссия» акциясының ережелері (7-13 тармақтар) серіктестік шоттары бар барлық клиенттерге қолданылады.
«Достар үшін депозитсіз бонус» және «Серіктестер үшін бонустық комиссия» акцияларына бір мезгілде қатысуға болады.
Бұл келісім Жария оферта шартына, Серіктестік келісімге және StartUp бонусты пайдалану туралы Келісімге қосымша болып табылады.
Бонустық келісім шарттарын қабылдай отырып, Сіз жоғарыда аталған оферта шарттарын қабылдайсыз.
«Достар үшін депозитсіз бонус» бағдарламасының шарттары:
- «Достар үшін депозитсіз бонус» бонустық бағдарламасы «StartUp бонус» акциясына қатысушыларға ғана қолжетімді.
- «Достар үшін депозитсіз бонус» бонустық бағдарламасына қатысушы әрбір клиенттің «StartUp бонус» акциясына қатысқан, тартылған әрбір клиент үшін бонус алу мүмкіндігі бар.
«Достар үшін депозитсіз бонус» акциясына қатысушының шотына есептелетін бонустың көлемі оның рефералы алған StartUp бонус көлемінің ½ тең.
- «Достар үшін депозитсіз бонус» бонустық бағдарламасына әрбір қатысушы, бағдарлама аясында бонустар есептелетін дербес шотқа қол жеткізу үшін электронды пошта арқылы деректер алады.
Акция шарттарына сәйкес келетін бірінші реферал шотты тіркегеннен кейін осы шотқа қол жеткізуге болады.
- Акция шарттарына сәйкес келетін бірінші рефералды тіркегеннен кейін 30 күн өткен соң шот сауда жүргізу үшін қолжетімді болады. Осы кезең ішінде шақырылған достар үшін депозитсіз бонустар шотта жинақталады.
- Егер акция шарттарына сәйкес келетін рефералдар 30 күн өткен соң да шотты тіркеуді жалғастыратын болса, онда достар үшін депозитсіз бонусты жинақтау үшін жаңа шот ашылады.
Жинақтау кезеңі де 30 күнді құрайды. Жаңа шот автоматты түрде ашылады және оған қолжетімділік электронды пошта арқылы жіберіледі.
- «Достар үшін депозитсіз бонус» бағдарламасы аясында алынған бонустарға «StartUp бонусты» пайдалану туралы Келісімнің ережелері қолданылады.
«Серіктестер үшін бонустық комиссия» бағдарламасының шарттары:
- «Серіктестер үшін бонустық комиссия» бағдарламасы ИнстаФорекс Серіктестік бағдарламасының барлық қатысушыларына қолжетімді және Серіктестік келісім Ережелерімен реттеледі.
- «Серіктестер үшін бонустық комиссия» бағдарламасына әрбір қатысушының рефералдардың StartUp бонусты пайдалана отырып жасаған мәмілелері үшін бонустық комиссия алуға мүмкіндігі бар.
Бонустық комиссияның көлемі әрбір сауда лоты үшін есептелетін стандартты серіктестік сыйақыға тең.
- Бонустық комиссия дербес шотқа есептеледі.
Бұл шотқа қол жеткізу үшін деректер 3 тармақта айтылған («Достар үшін депозитсіз бонус» бағдарламасына қатысушылар үшін) электрондық хатпен немесе акция шарттарына сәйкес келетін бірінші реферал шотты тіркегеннен кейін жіберіледі.
- Бонустық комиссия клиенттің шотындағы кіріс StartUp бонус сомасының 10% жеткенге дейін есептеледі.
Серіктестік комиссия, клиент жиынтығында бонус сомасының 10% депозит жасағаннан кейін немесе өз саудасын жалғастыра берсе, серіктестің әдеттегі шотына есептелед.
- «Серіктестер үшін бонустық комиссия» бағдарламасы аясында алынған комиссия тәулігіне бір рет алу үшін қолжетімді көлемге түрленеді, ол мына формула бойынша есептеледі: 0,5*LOTS=X, мұнда LOTS - бұл сәйкес рефералдың шотында жасалған мәмілелер көлемі, ал X – бұл алу үшін қол жетімді сома, USD.
Рефералдың шотындағы лоттарды есептеу, жиынтық толықтыру шотына алынған StartUp бонустың 10% асып кеткен сәттен бастап, күн сайын жүзеге асырылады.
Жабық лоттар ғана ескеріледі. Қандай да бір нақты күні алу үшін қолжетімді ең жоғарғы сома клиенттің сол күнге толықтыруының жалпы сомасының 50% аспауы тиіс.
- «Серіктестер үшін бонустық комиссия» бағдарламасы аясында ашылған шотта сауда операцияларын жүргізу мүмкін емес. Осылайша, клиент оны рефералдардан комиссия алу үшін және түрлендірілген қаражатты алу үшін ғана пайдалана алады.
Екі бағдарлама үшін қолданылатын жалпы ережелер:
- Кейбір жағдайларда Компания клиенттердің «Достар үшін депозитсіз бонус» және «Серіктестер үшін бонустық комиссия» бағдарламасына қатысуынан бас тартуға құқылы.
- Компания, алдын ала ескертусіз, акцияның шарттарына өзгертулер мен түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады.